ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
1 акушерлік бөлімше

1 акушерлік бөлімше

№1 акушерлік бөлімшеде (45 орын) жүкті әйелдер жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, жүктіліктің асқынуын анықтап, оларды емдеу мен динамикалық бақылау жүргізіледі. Жүктілік патологиясы акушерлік бөлімшесінде жүкті әйелдерді жүргізудің тәсілдерін орындау мен босандырудың әдістері туралы сұрақтарды шешу мақсатында акушерлік жағдайларға талдау жүргізіледі.

 

Біздің дәрігерлерімізге кешенді диагностикалаудың барлық мүмкіншіліктері қарастырылған. Біз жүктілік пен іштегі нәрестенің жағдайын анықтау үшін ультрадыбыстық және клинико-лабораториялық зерттеулер мен әртүрлі саладағы мамандардың кеңесін жүргізе аламыз. Орталықтан тыс мамандардың кеңесі қажет болған жағдайда басқа емдік мекемелерден арнайы патологиямен айналысатын ерекше мамандар шақырылады. Бұл бізге Ана мен бала орталығында қандай да болмасын экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Бөлімшеде жүкті әйелдерді емдеу және зерттеулер жүргізіледі:

• алғашқы жүктілікті соңына дейін көтере алмауда;

• жүктіліктің бірінші және екінші жартысында жерік болғанда;

• бала жолдасының жетіспеушілігінде;

• жыныс ағзаларының ауытқуларымен жүктіліктің қатар жүруінде;

• жатырда тыртық болуында;

• жатыр миомасында.


Бөлімшеде жүргізіледі:

• жүктіліктің үзілуіне қауіп–қатері бар асқынған жүктілікті жүргізу;

• әртүрлі дәрежедегі гестозы бар әйелдің жүктілігін жүргізу;

• Rh- және ABO – сенсибилизация жағдайындағы жүктілікті жүргізу және әйелді босануға дайындау;

• Әртүрлі қан ауруы бар әйелдің жүктілігін жүргізу;

 • Көпұрықты жүктілікті жүргізу;

• Жасанды ұрықтандыру нәтижесінде дамыған жүктілікті жүргізу;

• Кесар тілігі операциясынан кейінгі жатырында тыртығы бар (3 – 4) әйелдің жүктілігін жүргізу;

• Бала жолдасының бекітілуінің патологиясы бар әйелдің жүктілігін жүргізу;

• Ұрықтың теріс орналасу кезіндегі жүктілігін жүргізу;

• Ұрық дамуының жатыр ішінде кідіруі, фетоплацентарлы жетіспеушілік, қағанақ суының аз немесе көп жағдайларындағы жүктілікті жүргізу;

• Әртүрлі генезді созылмалы жатырішілік гипоксия кезіндегі жүктілікті жүргізу;

• Әртүрлі этиологиялы анемиядағы жүктілікті жүргізу;

• Жатыр миомасы, аналық бездің ісіктері, кіші жамбас ағзаларының жаңа түзілістері кезіндегі жүктілікті жүргізу;

• Диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, жүкті әйелдің және ұрықтың жатырішілік жағдайын зерттеу;

• Ұрықтың жетілуінің ауытқуларын анықтау;

• Әртүрлі экстрагениталды патологиялары бар (жүрек-қан тамыр аурулары, соның ішінде жүрек ақауы; тыныс алу ағзаларының сырқаттары; бауыр және өт жолдары, қант диабеті және басқа да эндокриндік аурулар) жүктілікті жүргізу, оларды емдеу және зерттеу;

• Жүктілікті жүргізу бойынша жүкті әйелдерге кеңес беру;

• Сирек кездесетін экстрагениталды патологиялары бар жүктілікті жүргізу

.
Науқастарға жоғары технологияларды қолдана отырып заманауи әдістермен көмек көрсетіледі. Біздің Орталық ұрықтың дамуының кідіруі мен гипоксия және ұрық дамуының кемістіктері жағдайларында ауруды өз уақытында анықтауға бағытталған заманауи құралдармен жабдықталған. Орталықта  диагностикалаудың аспапты әдістері де бар - амниоскопия, сыртқы гистерография, допплерометрия, кардиотокография, УДЗ, амниоцентез и кордоцентез. Бөлімшеде ауруды коррекциялау мен бірге оны емдеуге және келешекке пайдалы ұсыныстар беріле отырып, жоспарлы босану мен операциялаудың (кесір тілігі) бірқатар сұрақтары шешіледі.

№1 акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі


Ан Зоя Николайқызы

Жоғары санатты акушер-гинеколог, эффективті перинаталды күтім бойынша жаттықтырушы, еңбек өтілі 30 жыл

( Байланыс телефоны: 70-14-44 (пост)

Бөлімшеде 20 дәрігер жұмыс жасайды:



Үкібасова Талшын Мұхадесқызы

жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, м.ғ,д., профессор.
еңбек өтілі 36 жыл


Рәпілбекова Гүлмира Құрбанқызы

акушер-гинеколог дәрігер, м.ғ,д.

еңбек өтілі 30 жыл


Майшина Мадина Шаріпбекқызы

жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер


Ермекова Меруерт Жаппарқызы

Жоғары санатты акушер-гинеколог, эффективті перинаталды күтім бойынша жаттықтырушы, еңбек өтілі 20 жыл


Қаржыбаев Ержан Төлеутайұлы, бірінші санатты акушер-гинеколог, стаж еңбек өтілі 11 жыл

Мағзумова Гүлмира Әуезханқызы, бірінші санатты акушер-гинеколог, стаж еңбек өтілі 13 жыл

Байбұлова Айжан Қонысбайқызы - бірінші санатты акушер-гинеколог, стаж еңбек өтілі 13 жыл

Тоғызбаева Қарлыгаш Төлебайқызы - акушер-гинеколог, м.ғ.к.

Ізтілеуова Лейла Хамзақызы - акушер-гинеколог, м.ғ.к.

Мұқатаева Гүлмира Қайыртайқызы - акушер-гинеколог, м.ғ.к.

Бариева Лилия Маратқызы - акушер-гинеколог

Ыбраимова Кенжегүл Садықызы - акушер-гинеколог

Бекенбаева Жанаргүл Қыдырғалиқызы - акушер-гинеколог

Тлегенкызы Қарғаш - акушер-гинеколог

Малғаздаров Ғибрат Тілеукенұлы - акушер-гинеколог


Аналбаева Гаухар Төлепбергеновна

№1 акушерлік бөлімшесінің аға акушері  

( Байланыс телефоны: 70-14-44 (пост) 

 

Рамазанова Мастура Құсманқызы

№1 акушерлік бөлімшесі босану бөлігінің аға акушері, жоғары категория



Твитнуть
Нравится
Наверх