ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Орталық туралы

Орталық туралы


Біздің орталықтың ресми Веб-парақшасына қош келдіңіздер!

     «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Ұлттық медицина холдингінің бетке ұстар нысандарының бірі болып табылады. Орталық өз қызметін 2007 жылдың тамыз айының 20-сы жұлдызынан  бастап ұсынды, әрі сол уақыттан бері 50 мыңнан жоғары пациенттерді қабылдады. Ана мен бала орталығына отандастарымызбен қатар Орталық Азия, Еуропа, Америка және Ресейден арнайы келген науқастар қаралады.

    Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басты мақсаттарының бірі -Орталық Азиядағы педиатрия, балалар хирургиясы, акушерия-гинекология, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулықтары саласындағы жетекші ғылыми-танымдық және емдеу-диагностикалық институты болып қалыптасу.

   Клиниканың қуаттылығы 500 жатын орынға есептелген. Медициналық қызмет заманауи талаптарға сай жабдықталған 31 бөлімшеде көрсетіледі, әрі мұнда  пациенттер үшін  барлық жағдай жасалған. Орталық мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша қызмет көрсетумен қатар  жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға келісім-шарт бойынша (отандық және шетелдік сақтандыру мекемелері, дипломатиялық миссиялар) медициналық қызметтерді ұсынады.

   Біздің жетекші мамандарымыз  Орталықта дүниежүзілік алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен ғылыми-техникалық жобаларды енгізіп, пациенттердің қызығушылықтарын ескере отырып оларды емдік-диагностикалық  бағыттарда жоғары деңгейде  қолданады. Сонымен қатар, біліктілігімен әлемді мойындатқан отандық және шетелдік мамандардың қатысумен шеберлік сағаттар  мен түрлі оқытулар ұйымдастырылады. ҚР Ғылым және білім министрлігі 2012 жылы жүргізген Ұлттық рейтингтің қорытындысы бойынша Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ғылыми қызмет көрсеткішінің арқасында  екінші орынға ие болды. Жоғарыда аталғанның барлығы Біздің орталықтың еліміздегі ғылыми-тәжірибелік конференция, мастер-класс ұйымдастыратын ірі медициналық клиника болуына ықпал етіп, әрі Назарбаев университеті Медициналық мектебінің дамуына жол салады. 

    «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» - 2012 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңісіндегі халықаралық Joint Commission International аккредитациясына қол жеткізген алғашқы клиникалардың бірі. Аталған аккредитация Орталықтың дүниежүзілік стандарттарға сай сапалы қызмет көрсететінін дәлелдейді.