ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Баланы дамыту ортылығы

Баланы дамыту ортылығы


Балалар неврологиясындағы өзекті  мәселелердің бірі балалардың жүйке жүйесінерте кезеңде  тексеру мен диагностикалау болып табылады. Балалар мүгедектігінде жүйке жүйесі аурулары 50%- құраса, олардың 70 – 80 % перинаталды кезеңде басталады дейді мамандар.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Баланы дамыту орталығы ашылды. Бұл бағыттың басты мақсаты – науқастың орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына байланысты жеке даму жоспарын құрастыру, жүйке жүйесі ауруларын дер кезінде анықтау және мүгедектіктің алдын алу. Баланың даму орталығының ерекшелігі -мультидисциплинарлы консилиум өткізуімен  (генетик, эндокринолог, психиатр)   жоғары дәрежелі  неврологтардың науқаста анықталған ауру бойынша жан-жақты талқылау жасайды және бұл жұмыстар аталмыш консилиум қатысушысы болып табылатын  ҚР ДӘДМ штаттан тыс бас балалар неврологының келісімі бойынша жүргізіледі.

Баланы дамыту орталығы келесі қызметтерді  ұсынады:

·        Талма ауруын диагностикалау (эпилепсия);

·        Психомоторлық дамудың тежелуінің себептерін анықтау;

·        Тұқым қуалайтын жүйке жүйесі аурулары және жүйке-бұлшықет ауруларын      диагностикалау;

·        Аутизмді ерте диагностикалау;

·        Церебралды сал ауруын ерте диагностикалау (1 жасқа дейін);

·        Жүйке жүйесінің ауруларының сирек кездесетін түрлерін  диагностикалау;

·        Балалардың мінез - құлқының бұзылу себептерін диагностикалау;

 ·       Әр түрлі алмасу процестерінің бұзылулары кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануын диагностикалау мен емдеу;

Баланы дамыту орталығында емдеу амбулаторлық және старционарлық түрде жүргізіледі. Жоғарыда аталған ауруларды емдеу клиникалық тексерудің, нейропсихологиялық тестілеудің, ЭЭГ видеомониторнигінің (әр түрлі ұзақтық), электромиографияның (ЭМГ), электронейромиографии (ЭНМГ) және полисомнографияның көмегімен жүзеге асырылады. Әр түрлі визуализациялау әдістері бас және жұлынның зақымдануын анықтауға магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография және нейросонографиялық зерттеулер көмектеседі. Бұл  жағдайларда диагностикалау үшін орталықта  молекулалық-генетикалық және биохимиялық зертханасы бар.

 


Твитнуть
Нравится
Наверх