ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Клиника және фармацевтика бөлімі

Клиника және фармацевтика бөлімі

 

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның негізінде пост кеңестік мемлекеттердегі дәрі-дәрмек ісін инновациялық жолмен басқаратын тұңғыш әрі бірегей бөлімше.

Мақсаты:

1.     Орталықтың емделушілері үшін нәтижелі, қауіпсіз және рационалды емдеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету.

2.     Дәрі-дәрмек қозғалысын бақылау және бір орталықтан есеп жүргізу.

Міндеті:

1)    Барлық дәрігер тағайындауларына баға жасау;

2)    Дәрі-дәрмек таратуды орталықтандыру, тәулік бойы емделушілерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3)    Дәрі-дәрмек терапиясының нәтижесіне және кері әсерлеріне мониторинг жасау;

4)    Дәрі-дәрмек қозғалысы бойынша есеп және қорытынды жасау;

5)    Фармакотерапия бойынша талдау жүргізу;

6)    Дәрі-дәрмек бойынша дәрігерлерге ақпарат беру.

Жетістіктері:

Бүгінгі таңда онкологиялық ауруларды емдеу мен  антибактериалды терапия және парентеральды емдеуге қажет цитостатик-емдік құралдарды жасау бір орталықтандырылды.

 Клиника және фармацевтикалық бөлімінің құрамында цитостатиктер бойынша менеджерлер, антибактериалды терапия және парентералды тамақтану бойынша мамандар жұмыс істейді. Дәрі-дәрмек дайындау шетелде білім алған медбикелердің көмегімен жасалады. 

Бөлімшені биология ғылымдарының кандидаты, АҚШ жетекші клиникаларында және Израиль, Түркия  мемлекеттерінде білімін шыңдаған Айгүл Дүйсенбайқызы Төлепбергенова басқарады.


Твитнуть
Нравится
Наверх