ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Ұрық медицинасы орталығы

Ұрық медицинасы орталығы

Бүгінгі таңда жүктіліктің 11-13,6 аптасында жасалатын алғашқы скрининг барысында ұрықтың туа біткен  ауруларын анықтауға мүмкіндік бар. Дәстүрлі диагностика жүктіліктің 2-3 триместінде жүргізілсе, ерте  диагностиканың басты ерекшелігі ұрықта анықталған патологияларды емдеу мәселесін  дер кезінде шешімге қабылдауға көмектеседі.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жүкті әйелдерге жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсетумен қатар еліміздегі жалғыз Ұрық медицинасы орталығы жұмыс істеп келеді. Аталған орталықта жатырдағы ұрықтың тексеру барысында бірінші триместрден бастап  құрсақтағы бала денсаулығындағы ақауларды, гентикалық және хромосомдық ауруларды анықтап, жүктілікті үзу немесе анықталған патологияларды түзету сияқты қызметтер жүзеге асырылады.

Ұрық медицинасы орталығының басты мақсаты – перинаталды және нәрестелер аурулары мен олардың  арасындағы мүгедектік пен өлім көрсеткішін азайтуға жағдай жасау.

 Ұрық медицинасы бұл:

·       Плаценталы перфузия мен ұрықтың қанайналымын бағалау үшін, жатыр артериясы қан айналымы, кіндік артериясы, ұрықтың ортаңғы ми артериясы  мен күре тамыр айналымын допплерометрикалық жолмен зерттеу жүргізу;

·        Диагностикалауда инвазивтік тәсілдерді қолдану, ұрықтың кариотипін анықтауда тек қана хорион мен амниоцентез биопсиясын қолдану, генетикалық бұзылулардың пренаталды диагностикасын ДНК-ні талдау арқылы жүзеге асыру;

·       Аллоиммуннды  тромбоцитопения кезінде ұрыққа қан  және тромбоциттер құю үшін кордоцентез жасау;

·        Плевро-амниотикалық оталар жасау;

·        Фето-фетального трансфузиялық  синдромның күрделі жағдайларында  эндоскопиялық лазерлік коагуляция жасау;

·        Диафрагмалы жарығы  бар ұрыққа эндоскопиялық  эндотрахеалдық баллонды орнату;

 Ұрық медицинасы орталығынында бір күндік клиника қызметі бойынша келесі қызметтер жүргізіледі:

- ультрадыбыстық  скрининг

- генетикалық скрининг

- инвазивті пренаталды диагностика

- пациенттерге консультация беру

- акушерлік асқынуларда (преэклампсия, құрсақтағы нәрестенің дамуының бұзылуы, уақытынан ерте босану) қауіп-қатерге баға беру;

- ұрықта анықталған патологияға  жатыр ішінде түзету жасау;

Сонымен қатар Ұрық медицинасы орталығында акушер-гинеколог, балалар хирургі, кардиолог, неонатолог, нефролог, нейрихирург, травматолог сынды мамандармен бірге жұмыс жасалады. Бірлесіп жұмыс істеудің басты мақсаты – ұрықта туа біткен ауытқушылықтардың (аурулардың) ерекшеліктері мен сипаты туралы толық әрі дұрыс ақпаратқа қол жеткізіп, болашақ ана мен балаға сапалы қызмет көрсету.

Ұрық медицинасы орталығында Батыс Еуропа мен АҚШ кәсіби ұйымдарымен ұсынылған арнайы бағдарламалар мен басшылықтар (Ultrasoundscreeningforfetalabnormalities. Report of the RCOG Working Party. London: The Royal College of Obstetricians and Gynaecologists; Fetal Medicine Foundation; American College of Obstetricians and Gynecologists) қолданылады. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы Ұрық медицинасы сынды орталық  ТМД елдері бойынша  Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында ғана бар.


Твитнуть
Нравится
Наверх