ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Бүйрек орталығы

Бүйрек орталығы


Бұл несеп шығару жүйесіне күдікті науқас бір бөлімшеде мамандандырылған көмек (диагностикалау, емдеу, оңалту және толықтырғыш бүйрек терапиясының барлық түрін) алуға мүмкіндігі бар Қазақстандағы жалғыз орталық болып табылады.
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 701438

Аталған орталықта несеп шығару жүйесінің патологиясы бар науқас балаларға  келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

1.    Несеп шығару жүйесі мүшелерін  жедел емдеуді  қажет ететін урологиялық бағыт

2.     Нефрологиялық бағыт – бүйрек ауруы бар науқастар

3.     Гемодиализ, перитонеалды диализ, бүйрек трансплантациясы сияқты толықтырғыш бүйрек терапиясына мұқтаж пациенттер

Бүйрек орталығының басты мақсаты: балалардың бүйрек ауруы деңгейін,  мүгедектік пен өлім көрсеткішін азайтуға ықпал ету, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар балаларға  оңалту қызметтерін көрсету.

Урология:  отадан кейінгі кезеңде жедел емдеу және оңалту:

1.     Несеп шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған аномалиялар

2.     Уретерогидронефроз, обструктивты мегауретер

3.     Қуық-зәрағар рефлюксі (эндоскопиялық түзету, антирефлюксті операция)

4.     Қуықтың нейрогенді дисфункциясы (жұлын-ми жарығы (грыжасы) – ботулотоксин енгізу және оңалту

5.     Инфравезикальді обструкция – операциялық емдеу  (артқы үрпінің тетігін трансуретралды тілу)

6.     Гипоспадия, эписпадия – операциялық емдеу  

7.     Қуықтың экстрофиясы – операциялық емдеу  

8.     Қуықтың  дивертикулы - операциялық емдеу  

9.     Крипторхизм, ата безі шемені – операциялық емдеу  

10.    Варикоцеле – эндоваскулярлы склеротерапия 

Нефрология: туа біткен және жүре пайда болған бүйрек аурулары, гломерулонефрит ауруы бар балаларды емдеу диагностикалу, бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды қарау:

1.     Туа біткен және жүре пайда болған гломерулонефрит аурулары

 2.     Созылмалы бүйрек аурулары

3.   Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды қарау 

4.     Гломерулонефритті биологиялық дәрі-дәрмектермен емдеу

5.     Бүйрек биопсиясы

Диализ: толықтырғыш бүйрек терапиясы

1.     Гемодиализ

2.     Перитонеалды  диализ

3.     артерия-венозды  фистуланы қалыптастыру

4.     перитонеалды катетер имплантациясы

5.     жіті күрделі бүйрек жетіспеушілігі бар балалар

6.     созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар балалар

7.     асқынған созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеу – реналды анемия, артериалды гипертензия, фосфорлы-кальцийлі бұзылулар

Бүйрек трансплантациясы:  тірі туыстық донор, мәйіттен трансплантация жасау:

1.     Донор таңдау

2.     Донор мен реципиентті дайындау

3.     Лапараскопиялық немесе ашық тәсілмен донордың бүйрегін алу

Твитнуть
Нравится
Наверх