ДӘРІГЕРЛЕР КЕСТЕСІ
Корпоративный фонд "University Medical Center" Демалыс күндері жұмыс істемейді
г. Астана, пр. Туран, 32Анықтама қызметі:
+ 7 (7172) 70 15 50, 70 15 70
      + 7 (7172) 70 20 70      
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
2 акушерлік бөлімше

2 акушерлік бөлімше

«АБҰҒО» АҚ босану бөлімшесі 2007 жылдың тамыз айының 07 жұлдызынан бастап жұмыс жасайды. Бөлімше 40 орынға есептелген. Бөлімшенің ашылуы заманауи жағдайда босануға деген көзқарасты өзгерту қажеттілігіне байланысты ашылған.

Босану блогы 5-қабатта орналасқан және жүктілікті жүргізудің Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсыныстары ескеріле отырып, барлық заманауи талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған. Мұндай толық қамтылған кешен әрбір жүкті әйелге, жаңа босанған әйелге және жас босанған әйелге жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бөлімшеде емдеудің заманауи технологиялары енгізілген және олар үлкен қауіп–қатері бар асқынған қант диабеті, резус-конфликт жүктілігі, ауыр преэклампсиясы, мезгілінен бұрын босану, ұрық дамуының жатыр ішінде кідіріуі, ұрық дамуының туа пайда болған ақаулары, плацентаның алда жатуы, декомпенсация кезеңіндегі ауыр экстрагениталды патологияларды емдеуде кеңінен қолданылады.  Бөлімшеде тәжірибелі, мейірбан қызметкерлер әйелді жаңа жай-күйіне үйренісуіне және жаңа туылған нәрестеге күтім жасауды жеңілдетуді үйретіп, көмектеседі. Барлық босанулар жатыр ішіндегі ұрықтың жағдайын үнемі бақылаумен іске асырылады. Мұнда медициналық көмекпен қатар, босану процесінің қолайлы және жоғары дәрежедегі жайлылықта өтуін қамтамасыз етеді. Тәжірибелі дәрігерлер мен акушерлер нәрестенің дүниеге келуінің жеңіл болуы үшін босанушы өзін-өзі қалай ұстануы қажет екендігімен қатар, процедура түрлерін мен олардың қаншалықты қажеттілігін түсіндіріп, ақпараттандырады. Сондай-ақ, «серіктес  босану» тәжирибеде қолданыста. Босануды аурусыздандырудың медикаментсіз әдістері де қолданылады. Босанғаннан кейін нәресте анасының кеудесіне, ішіне жатқызылады. 2 сағаттан кейін жас ана өзінің нәрестесімен палатаға бірге жатқызуға ауыстыралады. 

 Босанудың жеңіл және ұқыпты жүргізілуі, дәрі-дәрмексіз босану және әрбір босанушы әйелге жеке көзқарас – бұл босанудың сәтті аяқталуының кепілі! Күнделікті босанушылармен күнделікті нәрестеге күтім, босану кезеңінен кейінгі гигиена туралы дәріс беріліп, қажет болған жағдайда мамандандырылған психологиялық көмек көрсетіледі. Босанғаннан кейін 1-2 тәулікте. Кесар тілігінен кейін, егер медициналық қарсы көрсеткіштері болмаса,  3-4 тәулікте  үйлеріне шығарылады. 


№ 2 АКУШЕРЛІК БӨЛІМШЕДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІМІ


1

Дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер-неонатологтың біріншілік кеңесі

2

Физиологилық босанулар

3

Мезгілінен бұрын босану, ұрық жетілуіндегі туа пайда болған ақаулар

4

Қағанақ суының кетуіндегі босанулар

5

Жатыр тыртығымен босанулар

6

Кесар тілігі арқылы босанулар

7

Қансыраумен асқынған босанулар

8

Нәресте жамбасымен келудегі босанулар

9

Көпұрықты жүктіліктегі босанулар

10

Босанардағы ұрықтың кардиотокографиясы

11

Жансыздандыру арқылы босану (перидуральная анастезия)

12

Преэклампсиямен асқынған босанулар

13

Экстрагениталды аурулары бар (ЭГА) пациентті босандыру және босанудан кейінгі кезеңінде бақылау жүргізу

14

Босанудан кейінгі физиологиялық кезең

15

Жаңа туған нәресте мен босанушының қан тобы мен резус-факторын анықтау

16

Босануда партограммалар жүргізу

17

Кесар тілігі операциясынан кейінгі босанудан кейінгі кезең

18

Мезгілінен бұрын босанудан кейінгі кезең

19

Қансыраумен асқынып босанудан кейінгі кезең

20

Ауыр ЭГА асқынған босанудан кейінгі кезең

21

Ұрық қабықшалары мен плацентаның бөліктері жатыр ішінде қалып қоюына байланысты  жатыр қуысын қырып-тазалау

22

Физиологиялық кезең (жаңа туған нәресте)

23

ФКУ мен ВГ, қантқа, жалпы билирубинге, жанама билирубинге жалпы қан алу 

24

ВГВ, БЦЖ вакцинацияларын жасау, егу картасын табыстау

25

Пациенттің жанындағы кісі (пациентке күтім жасаушы туысы), тамақтанусыз

26

Пациенттің жанындағы кісі (пациентке күтім жасаушы туысы), тамақтануымен

27

Босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі қынап пен шатаралықты пластикалау операциясы

28

Пребывание во время беременности с угрозой выкидыша, ложные схватки

29

Жалған толғатулар мен түсік күдігімен ауруханада жату

30

Экстрагениталды патологиясы бар жүктілік кезіндегі жүкті әйелдің ауруханада болуы

31

Жүктілікті жеке жүргізу


Бөлімше дәрігерлері

Бөлім меңгерушісі

Ли Сергей Игоревич -  акушер-гинеколог дәрігер 



Бексұлтанова Зура Хасенқызы -аға акушер, жоғары санат, еңбек өтілі - 32 жыл


 

Ахметжанова Айгүл Кинзарипқызы - жоғары санатты акушер-гинеколог


Жанай Ұлболсын Шерәліқызы- акушер


Серғазина Алтыншаш Нұрмұхаметқызы - жоғары санатты мейірбике


Төлеубаева Гүлнар Жаңбырбайқызы - жоғары санатты мейірбике


Рахымжанова Шынар Ерешқызы - жоғары санатты мейірбике


Құсаинова Әлия Жемісқызы - жоғары санатты мейірбике


Кіші медициналық қызметкерлер



Твитнуть
Нравится
Наверх